Bugin

Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның есімі «Болашақ» стипендиясының иегерлері тізімінде көрсетілген. Қазақстандық танымал әнші қай университетке түскені әзірге белгісіз.

Фото: Tengrinews.kz

Фото: Tengrinews.kz

Еске салайық, 2022 жылдың үшінші легінде шәкіртақы 178 қазақстандыққа берілген. Оның ішінде, 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.